Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқышты суретке түсіріп алған

Қорық аумағында қарақал мен дала мысығы байқалған.

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқышты суретке түсіріп алған
фото: дереккөз

"Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады деп хабарлайды Paryz.kzLada.kz-ке сілтеме жасап.

Қорық аумағында қарақал мен дала мысығы байқалған.

Облыстық инспекция мәліметінше, қарақал түрік тілінен аударғанда "қара құлақ" деген мағына береді.

Бұл мысық тұқымдас сүтқоректі жыртқыш. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусін қатарына жатқызылды, сыртқы түрі ерекшеленеді. Алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты ол жеке тұқымға бөлінген. Ол шөлді жерлерде кездеседі. Қарақал, негізінен, түнде белсенді. ТМД аумағында саны аз, ол "Қызыл кітапқа" енгізілген, - деді мамандар.

Қазақстанда қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында шамамен 300-400 түрі бар.

Тағы бір суретте, облыстық аумақтық инспекция мәліметі бойынша, дала мысығы түсірілген. Мысық тұқымдасы мысықтардың жыртқыш өкілі саналады. Бұл түр кең таралған және "Қызыл кітапқа" енбеген.