Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

-35 градус аяз: Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидрометтің хабарлауынша, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы болады.

-35 градус аяз: Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Қазгидрометтің хабарлауынша, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы болады. Аймақ кең антициклонның ықпалында болады.

Солайша, түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде - 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында - 35 градус аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ ала келеді. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін суытады.