Қайтыс болған әйел сауда орталығының қызметкері болған.
Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында 29 жастағы келіншек қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға 22 қараша күні болған. Жедел жәрдемге Mega Silk Way сауда орталығында жас әйелдің есінен танып қалғаны туралы қоңырау түскен.
Жедел жәрдем бригадасы келген кезде өмір белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған қыз кенет есінен танып қалған, содан кейін құрысулар басталған, - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әйел есінен танып қалған соң, оқиға куәгерлері жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, жансақтау шараларын жүргізген, бірақ одан еш нәтиже болмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайтыс болған әйел сауда орталығының қызметкері болған.