Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Энергетика министрлігі АЭС салу мүмкін екі өңірді атады

Бұл жұмыстардың барлығы қазір кешенді жүргізілуде.

Энергетика министрлігі АЭС салу мүмкін екі өңірді атады
фото: tengrinews.kz

Қазақстанның энергетика министрлігінде елімізде АЭС салу мәселесі зерттелуде. Атап айтқанда, салу орны, қуаты және технологиялар зерттеліп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Бүгінде біздің жұмысымыз осындай жобаларды іске асыру үшін қажетті критерийлерді ескере отырып, ел аумағындағы орындарды зерттеулер арқылы қамтиды. Біз сондай-ақ сарапшылармен, оның ішінде халықаралық сарапшылармен де технологияны талқылаймыз. Қуат бойынша кеңес береміз. Қай жылы және қандай көлемде тапшылық болатынын анықтау үшін электр тұтыну мен өндірістің өзектендірілген теңгеріміне қараймыз. Бұл жұмыстардың барлығы қазір кешенді жүргізілуде, — деді Энергетика вице-министрі Мұрат Жүрабеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, қараша айында Энергетика министрлігі бұл мәселелерді халықаралық сарапшылармен талқылайды.

Сонымен қатар министрлік АЭС салу мүмкін екі өңірді атады.

Біз екі нұсқаны қарастырамыз – бұл Алматы облысындағы Үлкен ауылы және Семей ядролық полигоны орналасқан Курчатов қаласы, — деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.