Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын іздейді

Бүгінде Алиссаның 5 айлық ұлы бар. Анасын іздеп жүрген Алисса оны кешіруге дайын екенін айтты. 

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын іздейді
фото: дереккөз

Американың Юта штатында тұратын Алисса Петерсон туған ата-анасын іздейді. Қазақ қызын үш жаста болғанда америкалық отбасы асырап алған. Бүгінде 23 жасқа келген бойжеткен туған анасын көргісі келеді деп хабарлайды Paryz.kzExpress Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Алиссаның хикаясын Facebook-те Aimi GB есімді қолданушы жазған. АҚШ-та тұратын бойжеткен өзінің туыстарын табу үшін ДНҚ тестін тапсырған. 

Зерттеудің нәтижесінде ол 23 жастағы Алисса Петерсонмен алыс туыс болып келетінін анықтаған. Оны әлеуметтік желі арқылы тауып, тест нәтижесі жайлы айтыпты. 

Өз кезегінде Алисса Қазақстанда дүниеге келгенін, бір кездері америкалық отбасы оны асырап алғанын жеткізген. Енді Алисса өзінің биологиялық ата-анасын іздеуде. 

Бойжеткеннің 1998 жылы Қарағанды облысында дүниеге келгені анықталды. Оның есімін алғашқыда Ляззат деп қойған. Ал анасы Қазақстанға Монғолиядан келген. Тұрмыстық жағдайы бала асырауға жетпесе керек, әйел қызын сәбилер үйіне өткізіпті. Ал ол жерден америкалық отбасы алып кеткен. 

Бүгінде Алиссаның 5 айлық ұлы бар. Анасын іздеп жүрген Алисса оны кешіруге дайын екенін айтты. 

Оның түр-келбеті қандай, немен айналысады? Соны білгім келеді, – дейді Алисса Петерсон.