Ол туралы зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен "Париж келісімінің мақсаттарына жету жолдары мен Қазақстанның көміртекті бейтараптығы" конференциясы аясында мәлімдеді.
Жалпы алғанда, АЭС туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Зерттеулер жүргізілуде - коммерциялық, техникалық, қажеттілік жағын қарастырып жатырмыз, – деді Энергетика министрі.
Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.