Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елорда мен Алматыдан Калининградқа рейстер ашылады

Әр бағытта аптасына 1 рейс орындалады.

Елорда мен Алматыдан Калининградқа рейстер ашылады
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыты бойынша ұшуға рұқсат берілді. Мұндай шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады деп хабарлайды Paryz.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, енді әр бағытта аптасына 1 рейс орындалады.

2021 жылдың 4 қарашасынан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы Boeing-737 әуе кемесінде тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

Айта кетері, Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақ паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы – 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 елінде 95 қаладан ұшады.

"Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясы қатарына кіреді.