Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"+20 градус": Алдағы демалыста күн жылы болады

Ауа райының өзгеруі күшті антициклонмен байланысты.

"+20 градус": Алдағы демалыста күн жылы болады
фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы алдағы күндері кейбір аймақтарда қайтып күн жылынады. Солтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі деп хабарлайды Paryz.kz, "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Ауа райының өзгеруі күшті антициклонмен байланысты. Ресейдің еуропалық бөлігін жапқан антициклон жауын-шашынның тоқтауына, еліміздің батыс және солтүстік-батыс бөлігінде ауа райының жылынуына  себепші болады, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі уақытта ауа температурасы +15..+20 градусқа дейін көтеріледі. 

Қалған аймақтарда салқын ауа температурасы сақталады. Оңтүстік аудандарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте түнгі уақытта тұман күтіледі. 

Орталықта, шығыста және солтүстікте температура 0-7 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде 3-8 градус, таулы аймақтарда +3 градус болады. Күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін көтеріледі, – делінген ауа райы болжамында.