Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған.
Роскосмос "Союз МС-19" кемесін МКС-66 экипажымен Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттандырды. Оның бортында актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко және Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров бар деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-19" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-19" орбитасына жеткізіледі.
"Союз МС-19" кемесінің капитаны ғарышкер - Антон Шкаплеров.
Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған.
"Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.