Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры.

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
фото: ашық дереккөз

Компания директорлар кеңесінің шешімімен Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жж. – ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі вице-президенті.

2019-2021 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.

Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.