Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қар жауады": Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын болады (жаңбыр қарға ауысады).

"Қар жауады": Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
фото: ашық дереккөз

Қазгидромет 27 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын болады (жаңбыр қарға ауысады). Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.