Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы тағы да шарықтап кетті

Көбіне дәрі-дәрмек Қытай, Ресей, Үндістан, Германия, Түркия елдерінен жеткізіледі. 

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы тағы да шарықтап кетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады. Бұған Қазақстанға импортпен шетелден келетін фармацевтикалық препараттар бағасының екі есеге көтерілгені себеп болып отыр деп хабарлайды Paryz.kz

Биыл тамыздағы қорытындыға сай, дәрі-дәрмектің бағасы тағы да көтерілді. Energyprom-ның зерттеу қорытындысына сай, дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, ал жыл ішінде 3,3 пайызға қымбаттаған.

Аурудың түрі көбейген сайын дәрінің де түрлері  күн сайын еселеп артып жатыр. Көбіне дәрі-дәрмек Қытай, Ресей, Үндістан, Германия, Түркия елдерінен жеткізіледі. 

Әсіресе, Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында фармацевтикалық өнім 10 пайызға көтеріліп кеткен. Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында әзірге баға тұрақты.

Мысалы, іш ауруын емдейтін дәрінің 1600 теңгеге, бауыр ауруларына қарсы 2900 теңгеге, асқазан-ішек жолдары ауруларына қарсы 2700 теңгеге, мұрын және ауыз-қуысының ауруларын жазатын препарат 2000 теңгеге дейін шарықтап кеткен.

Сарапшылар дәйегіне сүйенсек, бар болғаны жарты жыл ішінде  елімізге сырттан 615,8 миллион доллар тұратын 12 мың тоннадан астам дәрі-дәрімек жеткізілген.