Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Малы қырылған маңғыстаулықтарға АҚШ ақшалай көмек бермек

Ақша алушылардың банктік шоттарына аударылады. 

Малы қырылған маңғыстаулықтарға АҚШ ақшалай көмек бермек
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтың салдарынан зардап шеккен халықты қолдау үшін 100 мың доллар грант бөледі деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.  

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, мал өлімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылығына қаржылай көмек көрсетіледі.

Көмек мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай есептеледі және үй шаруашылығына 170 000 қазақстандық теңгеден аспайтын болады, — делінген хабарламада.

Ақша алушылардың банктік шоттарына аударылады.

2021 жылдың жазында Қазақстанның батысында қатты құрғақшылық болды. Аштықтан қырылып қалған малы бар кадрлар жұртшылықты дүрліктірді. Қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 43 миллион теңгеден астам қаражат жинады.