Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Мамандар eGov электронды үкімет платформасын Ресейге беруге қарсы шығып жатыр

Сондай-ақ, ол бұл салаға кететін қаржыны отандық мамандарға берсе, уақыт пен ақша жағынан арзанға түсетін жүйе жасауға болатынын айтқан.

Мамандар  eGov электронды үкімет платформасын Ресейге беруге қарсы шығып жатыр
фото: Азаттық рухы

Мамин Үкіметі мен ресейлік CБЕР компаниялар тобының ортақ цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қазақ қоғамының қарсылығын тудырып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тікелей эфирге шығып, дербес дерекке байланысты жұрттың уайымы негізсіз екенін айтса да, қоғам белсенділері бұл бастаманы тоқтатуды талап етіп жатыр. Қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл ұлттық мүддені Ресейге сату болып есептеледі деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сонымен қатар олар eGov электронды үкімет платформасын ресейлік «Гостех» біртекті цифрлы платформасына ауыстырар болса, IT саласының 15 мың маманы жұмыссыз қалатынын айтып отыр. Осылай деп атап өткен Қазақстанның IT қауымдастығы өкілдері ГосТех» платформасын сатып алуға қатысты жүргізіп жатқан келіссөзі ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіретінін айтып, ашық хат жолдағаны белгілі. 

ІТ маманы Тимур Бектұрдың айтуынша, ашық хатта көтерілген дүниелердің барлығы да өте өзекті.

"Бұл туралы ең алғаш Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ІТ комитет төрағасы Болат Башеев мырза ең бірінші дабыл қаққан болатын. Кейін бір топ қазақстандық ІТ мамандармен көрші елдің технологияларына көз жеткізіп қайтқан ол біздің елдегі өзге де ІТ компаниялардың басшылары және Қазақстандық ІТ компаниялар қауымдастығы тарапынан ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаев мырзаға ашық хат жолдады.

Тезистеп айтсақ, мемлекеттің цифрлық егемендігін өзге елдің қолына бермеуді және Egov-ты трансформациялауды шетелдік компанияларға тапсырмауды сұраған. Сөйтіп 8 пунктен тұратын өз уәждерін тізіп берді:

1. БҰҰ рейтингі бойынша біздің елдің электронды үкіметі 29-орында, ал Ресей 36-шы орында. Біздің егов әлемдегі ең үздік электронды үкіметтің 15%-ына жатады.

2. Сбердің «ГосТех» платформасына көшу арқылы біз сонша жыл атқарған цифрлық интеграциялардың барлығынан айрылып, 2006-жылғы кейпімізге қайта келуіміз мүмкін деді.
Бұл екі сұраққа да Бағдат Мусиннің жауабы: "Иә, солай. Бірақ біз мақтанайық-мақтанбайық eGov ескірді және 400-дің үстіндегі ақпарттық жүйені асыраудан бюджет шаршады" деді.

3. Сбердің ұсынысын қарайтын болсақ, оның ішінде қағаздан цифрға өтуге көмектесетін реинжиниринг жөнінде ештеңе жоқ. Ал реинжинирингсіз цифровизация жасау бос сөз.
Бұған тікелей жауап ести қоймадым, бірақ Б.Мусин мен оның ведомствосы таратып жатқан барлық ақпаратта "реинжиринг" болады деп жатыр. Сену-сенбеу әркімнің шаруасы.

4. Заңнамалар мен нормативтік актілер сияқты елдің ішіндегі құжаттар ақпараттық жүйені үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Ал Сбер платформасын сатып алуға $300 млн АҚШ теңгесі және халықаралық тәжірибе бойынша есептесек, жыл сайынғы ұстап тұруы үшін $60 млн АҚШ теңгесі жұмсалады.

5. Сбер ұсынған платформа Open Source және тегін технологиялар негізінде жасалған. Ал ондай технологияларды қазіргі еговкз жасаушы қазақстандық ІТ компаниялар онсыз да қолданып жүр. Сәйкесінше, бағаның сонша қымбаттығы алаңдатады.

Бұл екі сұраққа Б.Мусиннің жауабы "Ол ақша онсыз да кетіп жатыр. Уақыт та кетіп жатыр. Тіпті одан артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ, жағдай жыл сайын күрделеніп, егов сүйенетін 400-дің үстіндегі жүйе өліп қалуға айналды" деген мағынада шықты.

6. Сбер платформасын таңдасақ, еліміздегі 15 000 астам отандық бағдарламашы жұмыссыз қалуы ықтимал. Сондай-ақ, шетелге кетіп қалуы мүмкін. Бұл - қаржылық та, адами капитал да шығынға әкеледі.

Цифрлық даму министрі Мусин Багдат бұған: "Келіспеймін. Себебі, біз Сбермен бірігіп жасайтын платформалық модель AppStore немесе Play Market сияқты болады. Ол жерде қандай да бір мемлекеттік структураның қыр-сырын білетін адам өзі ойластырған бизнес-процестер негізінде КЕЗ КЕЛГЕН ІТ маман, КЕЗ КЕЛГЕН бағдарламашы өз модулін жасап ұсына алады. Керісінше, біз тек алпауыт ІТ компанияларға ғана емес, өзі ғана жүрген әрбір ІТ студентке дейін мүмкіндік ашып жатырмыз" деді.

7. Ақпараттық қауіпсіздік. Шетелдік ІТ архитекторлар мен бағдарламашылар және олардың өнімін әкелу біздің елдің Egov-ын дамытуда тәуелділікке әкеліп қоймай, сонымен бірге мәліметтер қорына шетелдіктердің қолы жететін болады. Қандай да бір кикілжің туындаса, олар жүйені өшіріп тастай алады", - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол бұл салаға кететін қаржыны отандық мамандарға берсе, уақыт пен ақша жағынан арзанға түсетін жүйе жасауға болатынын айтқан.

"Алдыңғы постымда жазып өткенімдей, Цифрлық министр бұған алаңдамауды және мәліметтер қорына ешкімнің қолы жетпейтінін, физикалық тұрғыда оған ешкім кірмейтінін, кірсе де ҰҚК қадағалауында болатынын айтты.

8. Біздің Egov-ты жетілдіру үшін отандық ІТ-мамандардың кәсіби білігі де, тәжірибесі де толығымен жеткілікті. Шетелдік орындаушыны әкелу Yellow Pages қағидаларын бұзады. Сбер технологиясын алудың еш қажеті жоқ, себебі, мемлекетпен жеке әріптестік жасай отырып біздің ІТ-компаниялар осы уақытқа дейін апробациядан өткен, уақыт пен ақша жағынан арзанға түсетін жүйе жасауға болады. Сберге беретін $300 млн ақшаны бізге $20 млннан 15 жыл бойы беріп отырсаңыздар, өзіміз де әлемдік деңгейдегі жүйе жасап шығар едік", - деп атап өткен жазба авторы.