Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атыраулық шенеунік мұғалімдерге ұсынылатын 800 дана гүлдің ақшасын жеп қойыпты

Өйткені, ол Ұстаздар күніне арналған форумда 800 мұғалімге гүл алу үшін 10 миллион теңге ақша бөлінетінін білген.

Атыраулық шенеунік мұғалімдерге ұсынылатын 800 дана гүлдің ақшасын жеп қойыпты
фото: intex-press.by

Биылғы мамырда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты іс қозғалған еді. Сот мемлекетке тигізген залалын өтегені және қарт анасын бағып отырғаны үшін оны бостандыққа жіберіп, мемлекет пайдасына 7 миллион теңгеден астам ақша өндіру туралы шешім қабылдаған, деп жазады paryz.kz.

Енді кеше, яғни 5 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсәуле Сайлауова нақты қандай қылмыстық істерге барып, кімнен неше теңге пара алғанын жариялады.

Айталық, "академик" көбіне білім саласына бөлінген бюджеттің белгілі бір бөлігін "пайыз" ретінде ұстап отырған. Мәселен, облыстағы мектеп-интернаттардың біріне 90 миллион теңгеден астам ақша бөлінгенін біліп, Сайлауова таныс кәсіпкер арқылы сол ақшаның 20 пайызын оған беруді тапсырған.

"Келіссөздер" барысында кәсіпкер оған пайданың 15%-ын бере аламын деген көрінеді. Осылайша, Сайлауова 5 млн 100 мың теңге пара алған.

"Сонымен қатар, әкім орынбасары ұстаздар күніне арналған форумда 800 мұғалімге гүл алу үшін 10 миллион теңге ақша бөлінетінін білген. Бұдан өзге, шенеунік Жаңа жыл мерекесіне арналған шаралардың бюджетін мақсатсыз жұмсап, қолына 2 миллион теңге ақша алған", - деп хабарлады агенттік.