Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкент әуежайы да сатылмақ

Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Шымкент әуежайы да сатылмақ

Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды. Бұл туралы мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.

Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген. Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде 6 миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылған. Сайтта жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту, басқа да бірқатар шарттар бар.

Сауда-саттық 2020 жылдың 8 қазанына жоспарланған. Қазіргі уақытта қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.