Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

1 айда Ұлттық қордағы валюталық активтер 1,1 млрд долларға азайған

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары трансферттер бойынша өтінімдерді орындау үшін 1,093 млрд долларға валюталық активтер сатылғанын еске салды.

1 айда Ұлттық қордағы валюталық активтер 1,1 млрд долларға азайған
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,1 млрд долларға азайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Шұғыл деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,1 млрд долларға төмендеп, маусымда 57,5 млрд доллар болды. Өткен айда Ұлттық қордың валюталық активтерінің төмендеуі республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттер бөлуге байланысты, - деді ол.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары трансферттер бойынша өтінімдерді орындау үшін 1,093 млрд долларға валюталық активтер сатылғанын еске салды.

Маусымда қорға түскен түсімдер көлемі шетел валютасындағы 189 млн долларды қоса алғанда 97 млрд теңге болды.  Активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия шеңберінде Ұлттық банк активтердің неғұрлым кірісті сыныптарының, оның ішінде акциялардың, корпоративтік облигациялардың және дамушы нарықтардағы еурооблигациялардың үлесін өсіріп жатыр, - деді ол.

Әлия Молдабекованың айтуынша, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасқан: акциялардың жаһандық нарығының өсуі есебінен 1,5 млрд доллар немесе 2,5% болды.