Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елорданың ескі вокзалындағы автотұраққа көлік нөмірін тану жүйесі орнатылды

Ертеңнен, яғни 28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады. Бұл туралы қалалық «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Елорданың ескі вокзалындағы автотұраққа көлік нөмірін тану жүйесі орнатылды
Baq.kz

Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірін тану. Яғни, жүйе ішке кірген-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады. Сондықтан паркинг пайдаланушылары кіру картасын бір-бірімен алмастыра алмайды және автотұрақта тұрған уақытының ақысын төлемей кете алмайды, - деп жазды компания Instagram-дағы парақшасына.

Тұрақтың төлемақысы өзгерген жоқ және төлемді енді 6 тәсілмен жасауға мүмкіндік бар. Nsparking.kz мобильді қосымшасы, www.nsparking.kz сайты, Qiwi және Kaspi.kz, сондай-ақ, вокзалда орналасқан паркомат пен касса арқылы төлеуге болады.