Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"7-20-25" бағдарламасы жабылмайды, оның нақты аяқталу мерзімі жоқ" - Айбар Олжаев

Бүгінге дейін аталмыш екі бағдарлама аясында 84 мың қазақстандық пәтерлі болған.

"7-20-25" бағдарламасы жабылмайды, оның нақты аяқталу мерзімі жоқ" - Айбар Олжаев

«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бірден тоқтатылмайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы байланыстар қызметінің бас менеджері Айбар Олжаев мәлім етті.

«7-20-25» бағдарламасы жабылмайды, оның нақты аяқталу мерзімі жоқ. Бұл бағдарлама бойынша мемлекет тарапынан 1 триллион теңге ипотекалық несие берілуі тиіс. Әзірге оның тек 325 млрд теңгесі несие түрінде берілді. Сондықтан бағдарлама жұмысын жалғастыра береді. «Баспана Хит» тиесілі 600 млрд теңге несиені игергеннен кейін барып жабылады. Қазір 500 млрд теңгесі игерілді. Жыл соңына дейін дейін 600 млрд игерілмек. Банктер «Баспана Хит» орнына соған ұқсас өз ипотекалық бағдарламасын нарыққа шығаратын болады»,- деді Айбар Олжаев.

Бүгінге дейін аталмыш екі бағдарлама аясында 84 мың қазақстандық пәтерлі болған.

«Бүгінге дейін «Баспана хит» бойынша 54 мың адам үйлі болды, «7-20-25» бағдарламасы аясында 28 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды. «Баспана Хит» бойынша - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр, «7-20-25» бойынша – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент тұрғындары ең көп пәтерге ие болған», - деді Айбар Олжаев.

Еске салсақ, 19 мамыр күні ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Баспана Хит» және «7-20-25» бағдарламаларын жеңілдікпен қаржыландыру аяқталатыны туралы мәлімдеді.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ - (ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының операторы.