Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атырау облысында француз азаматынан 1500 гектар жер қайтарылды

Сонымен қатар, өткен жылы облыста 160 меншік иесінен пайдаланылмаған 274 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған...

Атырау облысында француз азаматынан 1500 гектар жер қайтарылды
фото: ашық дереккөз

2015 жылы француз парфюмерия зауыттарына лаванда отырғызуға бөлінген Индер ауданындағы 1500 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Жалпы, бұл жер жалға алынған. Оны 75%-дық үлесімен Франция азаматы және 25%-бен Қазақстан азаматы иеленген.

"Бұл жер учаскесі 2015 жылы Франция азаматына 25 жылға жалға берілген. Яғни, бұл 2016 жылға дейін, ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге 5 жылдық мораторий қабылданғанға дейін болған", - дейді жер қатынастары басқармасының бастығы Әлібек Ермекқали.

Оның айтуынша, бұл - Атырау облысында ауылшаруашылық жерлерін шетелдік азаматқа жалға беру бойынша тіркелген жалғыз факті.

Сонымен қатар, өткен жылы облыста 160 меншік иесінен пайдаланылмаған 274 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал облыстағы ауылшаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 2 миллион 883 мың 903 гектарды құрайды.