Оның 5,4 миллион гектары ауылшаруашылық айналымына, 5,6 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 4,4 млн гектар сот арқылы тәркіленіп жатыр...
Билік Қазақстанда 4 жыл ішінде пайдаланылмаған 15,4 млн гектар жерді анықтады, деп хабарлады paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2016-2020 жылдар аралығында департамент мамандары пайдаланылмаған 15,4 млн гектар ауылшаруашылық жерлерін анықтады. Оның 5,4 миллион гектары ауылшаруашылық айналымына, 5,6 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 4,4 млн гектар сот арқылы тәркіленіп жатыр.
2019 жылы заңнамалық өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2020 жылдың қаңтарынан бастап, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ауылшаруашылық жерлеріне космомониторингтің пилоттық жобасы басталды.
"Бұл аймақтар кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы аймақтардан жерді пайдалану саласындағы өтініштер мен шағымдар көп түседі. 2020 жылдың желтоқсан айында осы аймақтардағы пилоттық жоба аяқталды", - деді ол.
Пилоттық аймақтарда жүргізілген космомониторингтің нәтижелері бойынша пайдаланылмаған 8,3 млн гектар жер анықталды. Оның 7,6 млн гектары – жайылымдық, 0,7 млн гектары – егістік жерлері. 7,6 млн-ның 2,2 млн гектары ауылшаруашылық айналымына қайта тартылып, 2,6 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 3,5 миллион гектар тәркіленді.
Министрдің айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл республикада космомониторинг қолданыла бастады.