Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде 2000, 5000 теңгелік банкноттан жалған ақша көп жасалады

Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.

Елімізде 2000, 5000 теңгелік банкноттан жалған ақша көп жасалады
фото: Вячеслав Батурин

2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақша көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета), деп хабарлады paryz.kz.

Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішевтің түсіндіруінше, төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер. Өйткені қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады. Сәйкесінше, ол - жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%-ы.

Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.