Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында доллар арзандады
freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,68 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 497,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503,4 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500,2 теңге.

Еуро 521 – 526 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503,7 теңге, сатып алу құны – 497,6 теңге.

Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35 - 5,46 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 498,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,46 теңге. Еуро – 523,09.