Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қор нарығында теңге нығайып келеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында теңге нығайып келеді
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,04 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516, 77 теңге. Ұлттық банктің 27 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 517,84 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 543,11. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518,9 теңге.

Еуро 541,5 — 546 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,14 - 5,24 аралығында саудаланып жатыр.