Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 миллион долларға азайыпты

Ерболат Досаев осы жылдың ақпанында 375 млрд теңгеге немесе 900 млн долларға нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 443 млн доллар сатылғанын атап өтті...

Ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 миллион долларға азайыпты
фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 млн долларға азайғанын айтты, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2021 жылдың ақпанында Ұлттық қордағы активтер азайған.

"Ұлттық қор активтері 1 айдың ішінде 70 млн долларға төмендеп, биыл ақпанның соңында ол 57,6 млрд доллар болды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев осы жылдың ақпанында 375 млрд теңгеге немесе 900 млн долларға нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 443 млн доллар сатылғанын атап өтті.

"Ұлттық қорға түсімдер 164 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер 255 млн доллар немесе 106 млрд теңге болды. Ұлттық қорға 1 айда 116 млн доллар инвестициялық кіріс кірді", - деп түйіндеді сөзін төраға.