Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырау облысында қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындардан 1 млрд теңге өтелді

Бір ғана "Теңізшевройлдың" өзінен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 миллионнан астам теңге өндіріліп отыр.

Атырау облысында қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындардан 1 млрд теңге өтелді
фото: дереккөз

Атырау облысында былтыр қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, экологиялық заңнаманы сақтауға байланысты 83 тексеру жүргізіліп, 91 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде, 73 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 96 017 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде қаулы шығарылып, жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңгені құрайтын қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 106 ұйғарым ұсынылған.

"Былтыр "I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" бойынша 252 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 182 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріліп, 57 жобаға экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты теріс қорытындылар берілді. 13 жоба алдын-ала сараптамамен кері қайтарылды. "I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру" бойынша 71 қызмет көрсетілді. 53 өтінішке қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беріліп, 15 өтінімге рұқсат беруден бас тартылды", - деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Сондай-ақ, экологиялық заңнама бұзған 244 дерек тіркелген. Бір ғана "Теңізшевройлдың" өзінен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 миллионнан астам теңге өндіріліп отыр.