Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жаңаөзендегі бір балабақшада жылына 22 млрд теңгенің тамағы ішіле ме?..

"Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Құлатай, мектепке дейінгі мекеме басшысы мен бухгалтерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңаөзендегі бір балабақшада жылына 22 млрд теңгенің тамағы ішіле ме?..
фото: ашық дереккөз

Жаңаөзендегі балабақшада 22 миллиард теңгеге тамақ сатып алмақ болған. Мемлекеттік сатып алу веб-сайтына ерекше лот жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Михаил Козачковтың Telegram-арнасында хабарлағандай, балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам сомаға тауарларды сатып алуға тендер жариялаған. Оған тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

"Ерекше ештеңе жоқ, жай ғана Маңғыстау облысындағы балабақша бір жылға азық-түлік сатып алады. 22 миллиард теңгеге. Басқалардың балалары қаншалықты тез өседі..." деп жазды басылым авторы.

Ал Маңғыстау облысының әкімдігі 22 миллиард теңгеден астам сомаға тауарларды сатып алуға конкурс жариялау кезінде техникалық қате жіберілгенін айтты.

"Қазіргі уақытта деректерді түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Құлатай, мектепке дейінгі мекеме басшысы мен бухгалтерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.