Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Зейнетақы жинағының жартысына отандық автокөлік алу да ұсынылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынысты қарастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне жолдаған.

Зейнетақы жинағының жартысына отандық автокөлік алу да ұсынылды
фото: aikyn.kz

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтты, деп хабарлады paryz.kz, LS-ке сілтеме жасап.

Смағұловтың айтуынша, бұл ұсынысты Қазақстандық автобизнес қауымдастығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жеткізген. Ал аталған ведомство ұсынысты қарастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне жолдаған.

"БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі – баспана. Бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған немесе жаяу жүргендердің тағы бір арманы – жаңа көлік", - дейді Нұрлан Смағұлов.

Оның пікірінше, мемлекет тарапынан халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс және бұл идеяны көлік шығарушылар мен автокомпаниялар да қолдауы қажет-ақ.