Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Зейнетақы жинақтарын беру – кедей мен байға бөлу" - Аида Букаева

Себебі 20 жылдан астам тәжірибесі бар бірде-бір мұғалімнің, мейірбикенің, кітапханашының зейнетақы жинағында 2 миллион теңге жоқ...

"Зейнетақы жинақтарын беру – кедей мен байға бөлу" - Аида Букаева
фото: stan.kz

Байлар байып, кедейлердің жағдайы нашарлайды. Осылай деген қоғам белсендісі зейнетақының бір бөлігін алуға үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлады paryz.kz.

Аида Букаеваның айтуынша, жаңа реформа жарияланған сайын барлық нәрсенің бағасы өседі.

"Жалақы немесе зейнетақыны көтеру мәселесі көтерілгеннен кейін келесі күні азық-түлік бағасы қымбаттайды. Жалақымыз өскенімен, нарықтағы баға да біртіндеп көтеріліп жатыр", - деді ол.

Ол БЖЗҚ-дан қаражат алуға байланысты реформа басынан бастап дұрыс болмағанын алға тартып отыр. Өйткені оның тұрғын үй бағасының өсуіне әкелетіні әу бастан-ақ белгілі болған.

"Бұл реформа байларды байытып, кедейлердің жағдайын нашарлататыны белгілі. Себебі 20 жылдан астам тәжірибесі бар бірде-бір мұғалімнің, мейірбикенің, кітапханашының зейнетақы жинағында 2 миллион теңге жоқ. Реформа тұрғын үй бағасының күрт секіруіне алып келді. Әлі бір адамға зейнетақы қорынан ақша аударылған жоқ", - дейді ол.

Айта кетсек, 23 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтініштер қабылданып жатыр. Өтініштерді қабылдаудың бірінші күні БЖЗҚ-ға 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Екі күн ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдерді мақұлдапты.