Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Коронавируспен күреске ӘМСҚ-дан 187 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

Ол қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне үстемақы төлеуге жұмсалған...

Коронавируспен күреске ӘМСҚ-дан 187 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген
фото: ашық дереккөз

Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі коронавируспен күреске 187 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне үстемақы төлеуге жұмсалған.

"Медицина қызметкерлеріне үстемақыға – 110,9 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын тоқтатуға – 53,9 млрд теңге бөлінді. Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді", - деді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Жалпы, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна мен аударым түрінде 550 миллиард теңге түскен. Ал барлық қаражат тұрғындарға медициналық көмек ақысын төлеуге бағытталған.