Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда кәсіпорындардың саны өсіп келеді

Алматыда жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың саны 25 % - ға өсті. Алматыда 9 айдың қорытындысы бойынша  жоғары іскерлік белсенділік сақталуда. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік басқармасынан хабарлады. Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 25,8% - ға өсіп, 341 мыңға жетті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда кәсіпорындардың саны өсіп келеді
фото: gov.kz

Бірінші жартыжылдықта ШОБ өнімін шығару 8,6% - ға артты. ШОБ-ты қолдау үшін субсидиялау, кепілдік беру және кредиттеу үшін 49,4 млрд.теңге бөлінді. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 60% - ға дейін ұлғаяды  деп болжануда.

Бүгінгі таңда «Даму» қоры бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Төрт бағытта жұмыс жасайды. Бірінші – субсиядалау, яғни кәсіпкердің екінші деңгейлі банктен алған негізгі борышы сыйақысының бір бөлігін субсидиялау. Екінші бағыт – кепілдендіру, 85%-ға дейін кепілдігі жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Екі бағыт Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Үшіншіден,  жеңілдетілген несиелендіру, төртінші – мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің мониторингін жүргізу. Мемлекеттік бағдарламалар іске қосылғалы Алматыда жыл басынан бері 15 мыңға жуық кәсіпкер қолдау тапты. Мәселен, жыл басынан бері 9 айдағы қорытынды бойынша субсидиялау бағытында 800-ден астам кәсіпкер 100 млрд  теңгеге несие алса, кепілдендіру бойынша 500-ге жуық кәсіпкер 20 млрд  теңгеге жуық қаражат алып, мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

Кәсіпкерлерге бизнеспен, өндіріспен айналысуға даңғыл жол ашып берген «Даму» қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс-тур жұмысы түс ауа аяқталды. Әрине, қордан қолдау тапқан ұжымдардың бәрін бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Дегенмен, «көп естігеннен бір көрген артық». Пресс-тур барысында біз аталмыш қордан нақты көмек алып, өз істерін дөңгелетіп отырған кәсіпорындардың жұмысына куә болдық. Өндіріс орындарында білек сыбана қызу жұмыс істеп жатқан жандардың еңбегін көрдік. Қорыта айтқанда, халықты тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге септігін тигізіп жатқан кәсіпорындардың жетістіктеріне қуандық. Бұл көріністер мемлекеттен көмекті кәсіптің қай түріне болса да алуға болатынын көрсетсе керек.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жыл басынан бері  жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың саны 25 % - ға өсті. Алматыда 9 айдың қорытындысы бойынша  жоғары іскерлік белсенділік сақталуда. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік басқармасынан хабарлады. Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 25,8% - ға өсіп, 341 мыңға жетті.