Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Қасқырдан кейінгі екінші орында": бір жылда көп ет жеп қойыппыз

Етті тұтыну бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр...

"Қасқырдан кейінгі екінші орында": бір жылда көп ет жеп қойыппыз
фото: tengrinews.kz

Соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтар етті көбірек жей бастады. Ал тұтынушылар арасында сиыр етіне сұраныс артқан, деп хабарлады paryz.kz, Energyprom.kz мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлауынша, өткен жылдың үшінші тоқсанында (шілде, тамыз, қыркүйек) әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 келі ет пен ет өнімдерін тұтынған. Бұл - 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, 1 келіге, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда, 1,4 келіге артық екен.

Бір қызығы, өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда ет пен ет өнімдерін тұтыну бойынша сиыр етінен басқаның бәріне сұраныс жоғарылаған. Сондай-ақ, ет өнімдерінің арасында сиыр мен тартылған ет, қой мен жылқы еті кеңінен танымал.

Сарапшылар Қазақстанның барлық аймақтарында ет тұтыну көрсеткіші өскенін алға тартып отыр.

"Етті тұтыну бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Өткен жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айында бұл өңірдің әрбір тұрғыны орта есеппен 26,8 келі ет пен ет өнімдерін жеген. Содан кейінгі орындарға Ақмола облысы (25,4 келі) мен Алматы қаласы (25,2 келі) жайғасқан", - делінген хабарламада.

Қазақстанда ет тұтынумен қатар, баға да едәуір өсті. Яғни, ет пен ет өнімдерінің барлық түрі үшін бөлшек сауда бағасы артқан. Бір жыл ішінде тек тауық еті ғана 5%-ға төмендеп, бағасы 789 теңге болған.

Қой етінің бағасы бір жыл ішінде 16,2%-ға қымбаттап, бір келісі үшін 1 990,3 теңгеге жеткен. Жылқы еті 11,9%-ға (келісіне - 2 271,8 теңге), ал сиыр еті 8%-ға (келісіне - 1 947,4 теңге) дейін қымбаттаған.