Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы қымбаттады

Қазақстандық сарапшылар жалдамалы пәтерлердің 10 пайыз қымбаттағанын мәлімдеді. Бұл "Алматы" телаарнасы хабарлады.

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы қымбаттады
сурет newtimes.kz сайтынан

Нұр-Сұлтанда пәтер бағасы қымбаттаған, ал алматылық риелторлар бағаның өспегенін, керісінше арзандағанын айтып отыр.

Риелтор Фархат Аяповтың айтуынша, пандемиядан кейін жақсы үрдіс пайда болғанын айтты. Пәтер иелері хабарламаны өз атынан жиі бере бастаған.

"Күзде баға өсуі мүмкін деген болжам жоқ. Қазір пәтерді жалға алатын негізгі контингент - студенттер жоқ. Себебі нарықтың 70-80 пайызы - студенттер. Яғни олар 2-3 адам болып жиналып, пәтер жалдайды. Олар жоқ болған соң пәтер жалдаудың бағасы 30-40 пайыз арзандады", - деді Аяпов. 

Қыркүйек айында сатылатын пәтер бағасы төмендеген. Шектеу шараларына дейін баға шаршы метріне 460 мың теңгеден болса, қыркүйекте 430 мың теңгеге түскен.