Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Адамдар БЖЗҚ-дан ақша алғанда, екі қалада үй қымбаттайды" - экономист

"Зейнетақы қорынан ақша алатындардың басым бөлігі - мұнай компанияларында жұмыс істейтіндер, оны жасырмау керек", - дейді ол.

"Адамдар БЖЗҚ-дан ақша алғанда, екі қалада үй қымбаттайды" - экономист
фото: tengrinews.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 721 мың адамға ақша түскен кезде, ол үй бағасының өсуіне ықпал етеді. Өйткені бұл – нарықтың заңы. Бұл туралы белгілі экономист Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтанда үй бағасы қымбаттайды. Зейнетақы қорынан ақша алатындардың басым бөлігі - мұнай компанияларында жұмыс істейтіндер, оны жасырмау керек. Мұнайлы аймақтарда тұратын адамның сол жерде үйі бар. Cондықтан олар үйді Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларынан іздейді. Осылайша, екі қаладағы үй бағасы қымбаттайды",- дейді "Qazaqstan" арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берген Дәулет Төлеутайұлы.