Микрокредитке өтініш 1 наурыздан бері қабылданып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов жастарға микрокредит беру қағидасын түсіндірді.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.
Несиелеу шарттары:
Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.
Қажет құжаттар тізімі:
Шағын несие жылжымайтын мүлікті, оның ішінде тұрақты тұрғын үйлерді, жер учаскелерін, бағалы қағаздарды, қаруды, құрамында есірткі заттар мен ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ҚР заңына қайшы келетін және де темекі немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобаларға несие берілмейді.
"Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды. Комиссияға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, "Атамекен" палатасы мен БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер кіреді. Үміткерлер бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Комиссия олардың ішінен неғұрлым болашағы бар жобаларды таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек. Өздерінің бизнес-жоспарлары бар, жасы 21-ден асқан студенттерге микрокредит беріледі. Студент оқуы мен бизнесті қатар алып жүре алса, несие алуына шектеу жоқ", – деді Ерлан Жүсіпов.
Оның айтуынша, Аграрлық несие корпорациясы жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты.
Еске сала кетсек, жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады.