...Одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан зейнеткерлік жасты өзгерту туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz, gov.kz-ке сілтеме жасап.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнет жасы - 63, ал әйелдер үшін 59,5 жас. Одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.
Республикада зейнетақы жиынтық мөлшерінің еңбек өтіліне байланысты ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы төлемдерін қамтитын үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан.
Ынтымақты зейнетақылар жүйесінің біртіндеп жойылып жатқаны белгілі. Өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жинақталған еңбек өтілі ескеріледі. Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақының рөлі артады.