Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"6 ай несие төлемеген болса": Банкроттықтың жаңа тұстары

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: іс жүзінде қалай жұмыс істейді" онлайн конференциясында біраз сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

"6 ай несие төлемеген болса": Банкроттықтың жаңа тұстары
Сурет: utek74.ru

Ол бас босандығынан айырылған адамның банкроттыққа өтініш беруі бойынша шектеу жоқ екенін айтты.

"Бас бостандығынан айырылған азаматтарға қатысты қандай да бір шектеулер заңнамада көзделмеген. Мысалы, қолхат жазу арқылы сотқа да жүгіне алады. Бірінші процедура бойынша ЭЦҚ арқылы өзі жүгіне алады. Ал сотты болса, қолхат арқылы соттық рәсімге де жүгіне алады", - деді Ержан Біржанов.

Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғалар жаңа заңнамалық негіздерге сәйкес үшінші наурыздан бастап, «E-salyg Azamat», «E-gov» веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы банкроттыққа өтініш қалдыра алады. Өтініш беру уақыты шексіз.

«Барлық заңнамалық актілер, яғни 11 құжат қабылданып, ақпараттық жүйесі іске қосылды. Өтініш қалдырғаннан кейін 14 күннен кейін жауап келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін заңға өзгеріс енгізілді. Олар 6 ай несие төлемеген болса, өтініштері қабылданады», - дейді Қаржы вице министрі Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, өтініштер үш тәсіл бойынша қарастырылады. Олар: соттық емес, соттық және төлем қалпына келтіру.