Құжатқа сәйкес, несиелік есеп несие тарихын пайдаланушының өтініші бойынша беріледі.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кредиттік тарихтармен алмасу бойынша келісім жасасуды жоспарлап отыр, деп хабарлады paryz.kz, tacc.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл келісімге қол қою Ресей Федерациясы Үкіметінің 11 желтоқсандағы өкімінен туындады. Құжатқа сәйкес, несиелік есеп несие тарихын пайдаланушының өтініші бойынша беріледі.
"Ресейдің Экономикалық даму министрлігі және Ресей банкімен келісілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім жобасы мақұлдансын", - делінген құжатта.
Кредиттік есеп кредиттік тарихты пайдаланушының сұратуы бойынша ұсынылады. Келісім жобасын РФ Қаржы министрлігі дайындады. Министрлік бұған дейін бұл келісім ресейліктер мен заңды тұлғаларға, ЕАЭО-ға кіретін басқа елдердің азаматтарына Ресейде несие алуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.