Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

2025 жылдан бастап Қазақстан азаматтары бүкіл табысын жария етуі тиіс

Сарапшылар жалпыға бірдей декларация такси жүргізушісі болып тапқан қаражаттан бастап, халықтың тойдан түскен қаржысына дейін құжатқа түсіріп отыруға міндетті екенін айтады.

2025 жылдан бастап Қазақстан азаматтары бүкіл табысын жария етуі тиіс
Фото: ашық дереккөз

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға ортақ табысты декларациялау жүзеге асырыла бастайды, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-tuhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Табысты есепке алу бірнеше сатыдан тұрады. Келесі жылдың басынан бастап шенеуніктер, саясаткерлер мен олардың жұбайларының басына жазылған дүние-мүлік түгенделеді. Ал 2023 жылдан бастап бұл тізімге мемлекеттік мекемелер, бизнес және квазимемлекеттік компаниялар кіре бастайды. 2025 жылы қалған Қазақстан азаматтары декларация тапсырады.

Декларацияда қаржылық активтер, борышкерлік міндеттемелер, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер көрсетілуі тиіс. Алайда "Сырт елдерде сақтаулы активтерді көрсету керек пе?" деген мәселеге қатысты Қаржы министрлігі әзірге БАҚ өкілдеріне мардымды жауап берген жоқ.

Құжатта бұрын реттелмей келген ақшалай кірістер мен шығындар, көлемді қаражатқа жасалған келісімшарттар, сату-сатып алу шарттары толық бақылауға алынады деп көрсетілген. Көп жылдан бері талқыланып, пысықталған жобаның аясында 13 млн қазақстандық табысын жария етуі тиіс.

Сарапшылар жалпыға бірдей декларация такси жүргізушісі болып тапқан қаражаттан бастап, халықтың тойдан түскен қаржысына дейін құжатқа түсіріп отыруға міндетті екенін айтады. Кімде-кім табыс декларациясын тапсырғанда, дүние-мүлкін жасырса, ол өзіне шығын болып қайтады. Әр азамат он жыл сайын есеп беріп отырады. Осы уақыт аралығында декларацияда көрсетілген дүниеден артық табысы болса, оның 10 пайызын салық түрінде төлейді. Одан тыс, 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.