Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"LRT құрылысы үшін БЖЗҚ мен Ұлттық қордан ақша алынбайды" - Көлгінов

Оның орнына билік инвестиция көзін іздейтін болды.

"LRT құрылысы үшін БЖЗҚ мен Ұлттық қордан ақша алынбайды" - Көлгінов
Фото: ашық дереккөз

Құрылысы ұзаққа созылған Astana LRT жобасын аяқтауға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе Ұлттық қордан ақша алынбайды. Оның орнына билік инвестиция көзін іздейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, жоба бастапқыда ауқымды болады деп көзделген. Құрылыстың бірінші кезеңінде LRT желісі "Нұрлы жол" вокзалына дейін, екінші кезеңде ескі вокзалға дейін созылуы керек еді. Бірақ бірінші кезеңдегі жоспар да орындалмаған.

"БЖЗҚ мен Ұлттық қордың қаражатын тарту мәселесі қарастырылмайды. Бастапқыда алғашқы инвестициялық қаражат Қытай даму банкінен тартылды. Олар - валютада", - деді Көлгінов.

Көлгінов Astana LRT жобасына қатысты проблемалар Астана банкі лицензиясынан айырылғаннан кейін басталғанын нақтылады. Сондай-ақ пандемия жобаға қатысты жағдайды одан сайын ушықтырып жіберген.

"Бұл - капиталды қажет ететін процесс. Пандемия кезінде банктермен жұмыс тоқтатылды. Қала кеңеюде, жолаушылар көлігінің қосымша түрлерін енгізу керек. Иә, нақты проблемалар болды, ал қазір құқықтық органдар тарапынан тергеу әрекеттері де бар. Нәтижесі бойынша жауап тыңдалады. Сондықтан бұл оңай мәселе емес. Әзірге жауап осындай, жоба бойынша сіздерге хабарлап отырамыз", - деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, Аманжолов көшесінен "Нұрлы Жол" вокзалына дейінгі 5 шақырымдық аймақта алдағы жылдары мектептер мен тұрғын үй кешендері салынады. Онда тұратын адамдар үшін LRT-ның пайдасы зор болмақ.