Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қытай Қазақстан экономикасына 360 миллион доллар инвестиция құйған

"Коронавирус екі ел байланысына кері әсер еткен жоқ, керісінше, қарым-қатынас нығайып келеді", - дейді Қытай елшісі.

Қытай Қазақстан экономикасына 360 миллион доллар инвестиция құйған
фото: aikyn.kz

Биылғы жылы еліміздегі "Қорғас" арнайы экономикалық аймағы арқылы 4 мыңнан астам контейнерлік пойыз өтті. "Достық-Алашанькоу" халықаралық дәлізі арқылы да Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытында осынша көлемде жүк тасымалданды. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағ 45 пайызға жоғары, деп хабарлады paryz.kz.

Қытай Халық Республикасының елшісі қазақстандық журналистерге берген сұхбатында көлік тасымалының артуы 2020 жылғы басты жетістіктердің бірі екенін айтты. "Коронавирус екі ел байланысына кері әсер еткен жоқ, керісінше, қарым-қатынас нығайып келеді", - дейді дипломат.

"Қазақстан халқы мен Үкіметі Қытай үшін ең қиын сәтте қолдан келген көмегін аямады. Моральдік қолдау мен гуманитарлық жүк коронавирус анықталған алғашқы апталарда өте маңызды мәнге ие болды. Бұл достық ниетті біз ешқашан ұмытпайтын боламыз", - дейді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Сонымен, қазір Қытайдың Қазақстан нарығына тікелей инвестициясы 80 пайызға, яғни 360 млн долларға ұлғайған. Екі елдің өзара тауар айналымы болса, 18 млрд доллардан асқан.

"Бұл – Қазақстан және Қытай Үкіметінің кейінгі екі жылда атқарған жұмысының нәтижесі", - дейді дипломат.

Бұған қоса, "Бір белдеу – бір жол" саяси бастамасы аясында ежелгі Жібек жолын цифрлық тұрғыда дамыту да жоспарланып қойған екен.