Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Үкімет жылда шетелдік адвокаттар үшін 13 млрд теңге шығындап отырады

Шетелде Қазақстанның мүддесі қорғалған істердің ішінде қазына қаржысын қалтаға басқан бай-бағландарға, Храпунов пен Әбілязовқа қатысты істер де бар.

Үкімет жылда шетелдік адвокаттар үшін 13 млрд теңге шығындап отырады
фото: rureporter.com

Ел үкіметі жыл сайын мемлекеттің мүддесін шетелде қорғап жүрген адвокаттарға 13 миллиардтай теңге жұмсайды. Ал Әділет министрі бүгін қыруар қаржыны оңды-солды шашпаймыз, берілген лимитіміз бар деп ақталды, деп хабарлады paryz.kz.

"Қандай да бір әсер қалдырмас үшін айтайын. Әділет министрлігі ақшаны қалай болса солай, есепсіз шашпайды. Мен бірінші рет емес, бірнеше рет айтып өттім, тағы да қайталаймын: заңгерлерге берілетін арыз-талапқа сәйкес, біз оларға 10 пайызын төлейміз. Бізді де қарап, қадағалап отырған органдар бар", - дейді Марат Бекетаев.

Оның айтуынша, Қазақстанға қатысты сот істеріне төленетін қаражат әртүрлі. Нақты сомаға қатысты министр жақ ашпай отыр. Бірақ 7 жылға созылған Стати ісі бойынша шенеунік ағынан жарылып, молдовалық олигархқа қарсы жасалған жұмысын тізіп берді. Бизнесмен еліміздегі газ өңдеу зауытының құрылысына 230 миллион доллар жұмсағанын мәлімдеп, офшорға 180 миллион доллар шығарған. Ал бастапқыда Стати Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап еткен. Сонда олигарх елімізден осыншама соманы өндіргісі келсе, оның талабы бойынша адвокатқа төленген қаржы – 400 миллион доллар.

Тағы оқи отырыңыз: Әділет министрі Қазақстанда оппозициялық партия жоқ екенін айтты

Ал шетелде Қазақстанның мүддесі қорғалған жалғыз Стати ісі ғана емес. қазына қаржысын қалтаға басқан бай-бағландарға, оның ішінде Храпунов, Әбілязовқа қатысты істер де бар.