Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ипотекалық дағдарыс келе жатыр" - экономист-сарапшы

Бұл да ипотекаға деген сұраныстың азаюына алып келеді. Сондай-ақ, алғашқы жарнаны да халықтың жинауға мүмкіндігі жоқ.

"Ипотекалық дағдарыс келе жатыр" - экономист-сарапшы
Фото: ашық дереккөз

Пандемия салдарынан елімізде ипотекалық несиеге өтініш берушілердің саны күрт төмендеген, деп хабарлады paryz.kz, "Жас Алаш" басылымына сілтеме жасап.  

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің соңғы рәсімдеген ипотекалық несие көлемі 17,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 66,7 пайызға аз. Ал өткен жылғы көрсеткіштен 71,2 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Бұл 2016 жылғы ипотекалық дағдарыстан кейінгі ең төменгі деңгей болып отыр. Мәселенің мән-жайын "Жас Алаш" тарқатып көрмек.

Белгілі экономист-сарапшылар еліміз індеттің ілмегіне ілінгелі бері ипотекалық дағдарыстың басталып кеткенін айтады.

"Қазір ипотека саласы, расымен, дағдарыста тұр. Банктерге ипотека рәсімдеуге өтініш берушілердің саны күннен күнге азайып келеді. Себебі, коронавирус салдарынан халықтың біраз бөлігі тұрақты жұмысынан айырылып қалды. Зейнетақы төлемдері уақытылы жүргізілмесе, әлбетте, банктер несие рәсімдеуден бас тартады. Бұл да ипотекаға деген сұраныстың азаюйына алып келеді. Сондай-ақ, алғашқы жарнаны да халықтың жинауға мүмкіндігі жоқ. Егер елімізде ипотекалық дағдарыс үдей түссе, біздегі жұмыссшылар тобының үлкен секторы болып табылатын – құрылысшылар тобы жұмыссыз қалатынын сөзсіз. Сондықтан, зейнетақы қорынан әрбір салымшының белгілі бір шекпен емес, жиналған қорының үлесін алып отыруына рұқсат беру керек. Сонда, дағдарыстың дұрысталуына жол ашылады", – дейді экономист-сарапшы Арман Байғанов. 

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4,07 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайызыға аз көрсеткіш. Сонымен қатар, теңге девальвацияға ұшырайды деп үркіп жүрген болуы керек, банктер сан мыңдаған тұрғындарға ипотекалық несиені теңгемен емес, доллармен рәсімдеуге көшкен.