Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Келесі жылға дейін газ 21 пайыз төмен бағамен сатылады - Қызылорда облысы

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы Қызылорда облысында 1,4 млрд теңге сомасында негізсіз пайда тапқан. Негізсіз алған пайдасын бағаны бір жыл уақытша төмендету арқылы қайтаратын болады, деп хабарлайды Рaryz.kz  inbusiness.kz сілтеме беріп.

Келесі жылға дейін газ 21 пайыз төмен бағамен сатылады - Қызылорда облысы
ашық дерек көздерінен

Компания енді тарифті, оның ішінде халыққа арналған тарифті де, 1000 м3 үшін қосылған құн салығынсыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін 21% шамасында уақытша төмендетеді. Уақытша төмен баға 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады. 

Комитет тұтынушылар мүддесін үнемі қорғайтынына сендіреді. 

"Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда аумақтық департаменттерге жүгіне аласыздар" - дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі.