Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Пияз бағасы шарықтады: Көкөністің бұл түрі де қат өнімге айнала ма?

Бұл сауалға АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп жазады Рaryz.kz ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Пияз бағасы шарықтады: Көкөністің бұл түрі де қат өнімге айнала ма?
фото: ашық дереккөзден

«Ішкі нарықта пияздың қоры жеткілікті екенін атап өткім келеді. Мәселен, ай сайынғы қажеттілік 25,9 мың тонна болса, бүгінгі күні пияз қоры 34,4 мың тоннаны құрайды. Маусым айынан бастап ерте пісетін пияз жиналып жатыр. Оның жалпы көлемі 90 мың тоннадан асады деп күтілуде. Бүгінде 35,2 мың тоннасы жиналды. Шілде айының соңына дейін және тамыздың бірінші жартысында 50 мың тоннадан астам пияз жинау жоспарланған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, министр ведомство пиязды Қазақстан аумағынан сыртқа шығаруға шектеу шараларын енгізуді қолдамайтынын жеткізді.

«Қазіргі уақытта министрлік Түркістан және Жамбыл облыстары әкімдіктерімен бірлесіп, пияз өндірушілер мен өзге облыстар, қалалар әкімдіктері арасында келісімшарттар жасасу жұмыстарын жүргізуде. Кездесу қорытындысы бойынша пияз сату бағасы келісіне 220 теңгеден 110 теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, қыркүйектен бастап күзгі пиязды жинау басталады. Оның көлемі 1 млн тоннадан астам болады деп болжанып отыр. Ол ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді. Осылайша, пияз көлемінің жеткіліктілігін және шектеу шараларын енгізудің қажеті жоқ екенін атап өтемін», - деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанға қант үшін қай елге тәуелді болып отырғанын айтқан.

Сондай-ақ, Қарашөкеев тамызда елімізде қант тапшылығы болмайтынына сендірді.