Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Министрлер дүкен-базар аралап, азық-түлік сатып ала ма?

Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түлік сатып алу үшін қайда және қанша рет баратынын айтты, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Министрлер дүкен-базар аралап, азық-түлік сатып ала ма?
© СЦК

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ол базар мен дүкендерге отбасымен бірге демалыс күндері қолы босағанда барады.

Отбасымызға қажет азық-түлікті сатып аламыз. Мысалы палау пісіретін болсақ, қымбатырақ ет аламыз. Әрине, бағалардың өскенін байқадық. Мұны инфляция да растап отыр. Кейбір азық-түлік бойынша баға өсіп кеткенін көріп отырмыз,

— деді министр.

Әріптесінің сөзін жалғаған Ауыл шаруашылығы министрі де бағаның өсіп жатқанын айтты.

Әйеліммен бірге базар-дүкенге барып, тамақ алуға уақытым жетпей жатады. Ол жаққа отбасымен бірге екі айда, әрі кетсе, бір айда бір рет баратын шығармын. Барған кезде міндетті түрде тек Қазақстанда өндіріліп-шығарылған тауарларды аламыз,

— деді Ербол Қарашөкеев.

Бұған дейін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев дүкен мен базардағы азық-түліктің бағасы қанша екенін білмейтін айтқан еді.