Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Қазақстанда зейнетақы қаншаға өскені белгілі болды

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Қазақстанда зейнетақы қаншаға өскені белгілі болды
ашық дерек көздерінен

2022 жылғы маусым айының өзінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 миллиард теңге бөлінген. Елімізде қазір 2 миллион 247 мың зейнеткерлер бар екенін айта кетейік.

Адамдарға берілген зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері өсіп 117 469 теңгеге жетті. Мәселен бір ай бұрын бұл сома 105 189 теңге еді.

Осы тұста 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі адамның зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнеткерлік жасы төмендемесе де, зейнетақы қосылатынын айтқан.