Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Қазақстандықтар камриді 1300 долларға әкеліп жатыр

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылы кедендік рәсімдеуден өте арзан бағаға өткен көліктердің санын жариялады. Олардың айтуынша, Қазақстан азаматтары елге 1164 көлік кіргізген деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар камриді 1300 долларға әкеліп жатыр
ашық дерек көздерінен

Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің айтуынша, біздің азаматтар тек 2022 жылы 1164 автокөліктің құнын 300-ден 3000 доллар аралығында рәсімдеген. Мәселен жаңа Santa Fe 300, ал Camry көлігі 1300 долларға рәсімделіпті.

Жалпы, 2022 жылдың басынан бері кеденшілер шетелден әкелінетін көліктердің құнын 53 миллион долларға төмендететінін жеткізді. Олардың айтуынша, жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге қосымша кедендік төлемдер мен салықтар есептелген.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдеу кезінде қарастырылатын бағалар туралы ақпарат шекті деңгейден алынбайтынын айтады. Олар елге әкелінетін көліктер туралы деректерді маркалары, үлгілері, импортталатын елдері мен баға диапазондары бойынша жүйелі түрде талдайды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында ағымдағы бағалары көрсетілген каталог жарияланған. Сондай-ақ ол жерде кедендік төлемдердің мөлшерлемелерін көріп, кедендік төлемдердің алдын ала есебін жасауға болады.