Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қазақстанда ең қымбат нан қай қалада сатылады?

Қазақстанда I сұрыпты бидай ұнынан пісірілген бөлке нанның орташа бағасы 180 теңгені құрайды, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Қазақстанда ең қымбат нан қай қалада сатылады?
ашық дерек көздерінен

Дәнді дақылдар егілетін облыстарда (Қостанай және Солтүстік Қазақстан) нанның құны оңтүстік және орталық өңірлерге қарағанда айтарлықтай төмен.

Қазақстан қалаларындағы бөлке нанның бағасы:

Түркістан – 199 теңге,
Нұр-сұлтан – 198 теңге,
Өскемен – 197 теңге,
Ақтау –194 теңге,
Көкшетау –187 теңге,
Семей –186 теңге.
Атырау –180 теңге,
Орал – 180 теңге,
Павлодар –178 теңге,
Қызылорда –171 теңге,
Талдықорған –170 теңге,
Қарағанды –169 теңге,
Алматы –168 теңге,
Шымкент–164 теңге,
Ақтөбе –158 теңге,
Тараз –158 теңге,
Петропавл –156 теңге,
Қостанай –152 теңге.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын сарапшылар елімізде нан бағасы 250 теңгеден жоғары көтерілетінін болжаған болатын. Мамандар бұған басты себеп ұн бағасының күрт өсуі екенін айтады. 

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 1 млнға жуық адам кедей. Яғни, олардың отбасындағы айлық табысты жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен. Азық-түлік бағасының күн өткен сайын шарықтап бара жатқанын ескерсек, елімізде кедейлер саны арта түспесе, кемімесі анық.