Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Жұрт дүкеннен таппай жүрген қант интернетте тонналап сатылып жатыр

Кім қанша алғысы келсе де шектеу жоқ, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Жұрт дүкеннен таппай жүрген қант интернетте тонналап сатылып жатыр
ашық дерек көздерінен

Еліміздің бірнеше өңірінде құмшекердің тапшылығы қарапайым көпшілікті сарсаңға салып келеді. Тіпті Ақтөбе тұрғындары қант сатып алу үшін сауда нысандарында түнгі сағат 3-тен бастап кезекке тұрады. Тәтті өнімге талас бұдан басқа да аймақтарда болып жатыр. Сондай-ақ бағасы да шарықтап кеткен. Министр Бақыт Сұлтанов қазір Ресейден осы өнім келмегендіктен мәселенің туындағанын айтқан.

Әйтсе де, жұрт дүкен сөрелерінен таппай жүрген қанттың интернеттегі жарнамасы жер жарып тұр. Экспресс К тілшісі жарнамадағы нөмірлерге хабарласып, сатушылардың қантты қайдан алып жатқандарын сұрап көрді.

Бізге Ресейден келді. Қаппен сатпаймыз. Тек тонналап ала аласыз. Келісі 650 теңгеден. Бірақ келесі келгенде, қымбат болуы мүмкін,

— деді интернет сатушысы.

Ал кейбір жарнамаларда қанттың бір келісі 330 теңге деп жазылған. Олар өнімді қайдан әкеліп, сатып жатқандарын айтпады.

Біз айта алмаймыз қайдан әкелетінімізді. Аламын деушілерге шектеу жоқ, қанша алғысы келсе де,

— деді арзан қант сатушы.

Айта кететін жағдай, интернеттен арзан қант іздеген Тараз тұрғыны алаяққа алданып қалған болатын.